
Атырау облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі «Ембімұнайгаз» компаниясының қызметкерлерімен кездесіп, интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттер туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тәртіп сақшысы сала қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтың қазіргі заманғы түрлері, яғни жалған интернет-дүкендер, банктік қызметтер, фишингтік сілтемелер және әлеуметтік инженерия әдістері жайында нақты мысалдар келтіріп айта өтті.
– Интернет арқылы жасалатын қылмыстар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қазіргі таңда алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі амал-тәсілдерді қолданып, жаңашыл әдістерді меңгеруде. Сондықтан кез келген қаржылық операцияны жасамас бұрын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, күмән туғызған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, – деді Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Расул Жолдас.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/988529?lang=kk

Жауап қалдыру