ҚАНДЫАҒАШТА ЖАППАЙ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жаппай жүгіруден (кросс) жарыс өтті.

Оған мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары және жастардан барлығы 120-дан астам адам қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты жүгірген қатысушылар жүлделі орындарға таласты.

Жаппай жүгіру жарысы Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен бастау алып, аудандық мəдениет үйіне дейін жалғасты. Жарыстың қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/991027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді