
Бүгін, Жеңіс Күні қарсаңында аудандық мәслихат төрағасы Айман Серікқызы Асанова Құртай ауылдық округінің тұрғыны — тыл еңбеккері Дарья Нестеровна Чубинаны мерекемен құттықтап, оған денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілей отыра «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін және сыйлық табыс етті.
Дарья Нестеровна қызымен бірге тұрады, жақындарының қамқорлығына бөленген.
Тыл еңбеккерлерінің ерлігі майдандағы ерлікке тең. Біреулер оқ лаулаған майдан шебінде соғысып жатқанда, басқалары, яғни жасөспірімдер мен әйелдер – колхоздарда, зауыттарда, теміржолдарда тыным таппай жұмыс істеді, нан өсірді, вагондар тиеді, металл құйды. Олардың төккен терлері, шаршап-шалдыққандары және ерік-жігері Ұлы Жеңістің іргетасына айналды.
Бүгін, арада өткен сексен жылдан кейін де, оларға деген ризашылық өшкен емес. Олардың естеліктері тарих беттеріне айналса, ал еңбектері халықтың қайсар рухының үлгісі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/990869?lang=kk
Жауап қалдыру