
Маңғыстау облысы әкімдігінде, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы штабы сарапшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты ҚР ҰҚК ТҚО Штаб сарапшыларының тарапынан әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету, білім, спорт саласының жол картасының орындалe барысы, кешенді жоспардың, оның ішінде тәуекел топтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәртібі мен маңыздылығы туралы көмек көрсету.
Әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету аясында облыстық терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі, дін істер басқармасы, білім дене шынықтыру және спорт басшыларымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша өзекті мәселелер көтерілді.
Жиналыс қортындысы бойынша қатысушыларға сын-пікірлер білдіріліп, жұмысты жандандыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Материал Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990352?lang=kk
Жауап қалдыру