Қызғалдақтар – даламыздың символы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы – Кемпіртас» соқпағында VIl – аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

Оған 40-тан аса Кентау балалар көркемсурет мектебі, Юнеско клубы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпаққа туған жеріміздің әсем табиғатына деген сезімін оята отырып, қоршаған ортаны сүюге баулу.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі кездеседі, оның 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/991172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді