
Биыл сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша шараларын қабылдау жоспарда бар. Атап айтқанда, банктік қарыздарды алу кезінде сақтандыру шығындарын азайту үшін заңнамалық түзетулер әзірленді. Осылайша, банктік қарыздармен байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиясы сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10%-нан аспауға тиіс. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың қазан айында күшіне енеді деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады
Спикердің айтуынша, ипотекалық қарыздарды сақтандыру бойынша стандартталған шарттарды енгізу мүмкіндігі де қарастырылуда. Бұл қарыз алушылар үшін сақтандыру қызметтерін ұсынуға бірыңғай талаптар мен тәсілдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Инновация ашықтықты қамтамасыз етеді және сақтандыру процесін жеңілдетеді.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1746430160
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/990129?lang=kk

Жауап қалдыру