
Секисовка ауылында “AMANAT“ партиясының сайлауалды бағдарламасы және “ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту“ пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, халықтың денсаулығын нығайту, профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын, скринингтік тексерулерді жүргізу бойынша жұмыс жолға қойылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/990273?lang=kk
Жауап қалдыру