
Осыған дейін Семей қаласында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталғанын хабарлаған едік. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бірқатар жылу нысандарын аралады.
Орталық және 103–103А жылу қазандықтарын, сондай-ақ Жамақаев, Ибраев және Шәкәрім көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңғырту барысын көріп, мердігер мекемелердің өкілдерімен пікір алмасты. Бүгінде барлық нысанда жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, негізгі жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталмақ.
«Жылу беру маусымына дайындық – аса маңызды міндет. Бұл жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуы қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір учаске мен нысан күнделікті бақылауда болады», – деді Бекжан Бапышев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/990023?lang=kk
Жауап қалдыру