«ШИЕЛІ, АРАЛ, ҚАЗАЛЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒА АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАНУЫ МЕН АТҚАРЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Шиелі, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының және Қызылорда қаласының 2024 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша комиссия мүшелері баяндама жасап, бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы мәселелері жан-жақты қаралып, талқыланды.
Отырысқа Шиелі, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының және Қызылорда қаласының әкімдерінің орынбасарлары мен барлық аудандық және қалалық экономика және қаржы бөлімі басшылары қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков отырыс барысында экономика және қаржы салаларының өңір халқының өмірін оңтайландыру бағытында маңызды орын алатындығын атап өтті.
Өз кезегінде комиссия мүшесі Н. Р. Қордабай баяндама барысында Шиелі ауданында аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 21 бірлік бұзушылық анықталған, оның ішінде 1 қаржылық бұзушылық, 19 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 1 бірлік тиімсіз жоспарлау қаржысы анықталғандығына және т. б. кемшіліктерге тоқталып, бұл мәселелер бойынша міндетті түрде шараларды қабылдау қажет екендігін ескертті.
Комиссия мүшесі Б. Т. Пшанов баяндама барысында Арал ауданында мемлекеттік аудит нәтижесімен қолданыстағы заңдылықтар нормалары сақталмауынан жалпы сомасы 332 329,0 мың теңгенің тиімсіз жоспарлауы мен 6 бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталған және Қазалы ауданында мемлекеттік аудит нәтижесімен қолданыстағы заңдылықтар нормалары сақталмауынан жалпы сомасы 28470,5 мың теңгенің бұзушылығы анықталған. Оның 18738,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарлауы болса, 9732,5 мың теңгесі тиімсіз пайдалану. Сонымен қатар 6 бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталған және т. б. қателіктер мен кемшіліктерге тоқталды.
Комиссия мүшесі С. С. Мырзабек баяндама барысында Жаңақорған ауданында аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 10 бірлік бұзушылық анықталған, оның ішінде 1 бірлік тиімсіз жоспарлау, 9 бірлік рәсімдік сипаты бойынша бұзушылықтар анықталған және Қызылорда қаласында рәсімдік сипаттағы орын алған бұзушылықтардың саны 19 бірлікті, оның ішінде бюджет заңнамасын бұзушылықтар 17 бірлікті, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзушылықтар 1 бірлікті және өзге де салалық заңнаманы бұзушылықтар 1 бірлікті құрады және т. б. бұзушылықтарды атап өтті.
Отырыс барысында тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелердің қойылған бірқатар сұрақтарына аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық және қалалық экономика және қаржы бөлімі басшылары жауап берді. Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулылары қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/989861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді