ШҚО ТЖД-де Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы шарада ардагерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерін ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов құттықтады:

«ШҚО ТЖД құтқарушылары мен өрт сөндірушілері күн сайын өңір қауіпсіздігінің күзетінде тұрып, адамдарға көмек көрсетуге дайын. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушылары түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 1600-ден астам рет шықты. Нәтижесінде 268 азамат құтқарылып, эвакуацияланды. Бұл күн – барлық қызметкерлер үшін ерекше маңызға ие. Әрқайсысы халық пен аумақты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғау жолында ауыр қызмет атқаруда. Отан қорғаушылар күніне орай барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, рухтың беріктігі мен қызметте табыс тілеймін», – деді ШҚО ТЖД бастығының оранбасары Амангелді Еңсегенов.

Ерекше көзге түскен қызметкерлер алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Арнайы шендер табысталды.

Медальдерімен қызмет ардагерлері Василий Ковширин мен Рустам Камарутдинов марапатталды.

«Біз ТЖ қызметінің қалыптасуында тұрған және оның дамуына үлкен үлес қосқан зейнеткерлеріміз бен ардагерлерімізді әрдайым еске аламыз. Олардың есімдері бізге жақсы таныс, гарнизондағы қадірлі де жиі келетін қонақтар», – деді ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков.

ШҚО ТЖД құтқарушылары қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін де ұмытпайды. Дәстүр бойынша бұл күні Естелік стеласына гүл шоқтары мен веноктар қойылды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/990550?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді