Шымкент қаласының прокуратурасы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 мамырда Шымкент қаласының прокуратурасы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – Отан үшін жанын қиған  батырларды еске алып, олардың ерлігі мен өнегесін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін бағалау.
Салтанатты жиынға прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ерліктері мен қызмет жолдары жайлы естеліктер айтылды. Сондай-ақ  бірқатар қызметкерлерге марапаттау тәртібінде сыныптық шендер, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара патриоттық рухта өтті және қатысушыларға терең әсер қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/990749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді