Солтүстік Қазақстан облысында «Радуга» Техноэкопаркі құрылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды экологиялық жоба — «Радуга» Техноэкопаркінің құрылысы басталды, оның құрамына қоқыс өңдеу зауыты мен қазіргі заманғы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны (ҚТҚ) кіреді. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 10 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыру «ӨДҚ» АҚ («Жасыл Даму» АҚ), «Ready – Built Factory», ӘКК, сондай-ақ жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оның ішінде 6 млрд теңге тікелей ҚТҚ полигонын салуға бағытталды.

Жоба жылына 175,4 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеуді көздейді, оның ішінде:

Жылына 100 мың тонна-ҚТҚ полигонында,

Жылына 70 мың тонна — қоқыс өңдеу зауытында,

Жылына 5,4 мың тонна — полиэтиленнің (ПЭ) қайталама түйіршіктерін өндіру.

Жалпы өнімнің жоспарланған көлемі жылына 3,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 100-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. «Радуга» Техноэкопаркін іске қосу 2025-2026 жылдарға жоспарланған.

Жобаны іске асырудан күтілетін әсерлер:

Дайын өнімді шығару үшін кейіннен қайталама шикізат ала отырып, ҚТҚ өңдеу саласын дамыту;

Өңірде қалдықтарды орналастыру және кәдеге жарату үшін заманауи, экологиялық қауіпсіз полигон құру;

Солтүстік Қазақстан облысында қоршаған ортаға жүктемені азайту және санитарлық-экологиялық жағдайды жақсарту.

«Радуга» жобасы қалдықтарды тұрақты басқару және аймақты «жасыл» дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/990026?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді