Сотталғандарды жұмыспен қамту – олардың әлеуметтік оңалуының негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бойынша белсенді шаралар қабылдап келеді.

Осы мақсатта №46 түзету мекемесінде биг-бэг қаптарын өндіру өндірісі іске қосылды.

Атап айтқанда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Еңбек» ШЖҚ РМК «Асыл Арман» ЖШС, «Новопэк» ЖШС және «Тауба» ЖК-мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасты.

Кәсіпкерлер тарапынан 50 сотталғанға арналған қажетті жабдықтар мен жұмыс орындары ұсынылды.

Өндірістің жоспарланған көлемі – айына 50 мыңнан астам қап.

Аталған жоба – сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жолындағы маңызды қадам және олардың қалыпты өмірге қайта оралуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗаңменТәртіп

 

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/989995?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді