
2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Осындай іс-шараларды бүкіл ел бойынша ведомствоның аумақтық департаменттері ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн форматта таратылды, бұл барлық тілек білдірушілерге өз сұрақтарына жедел жауап алуға және қосылуға мүмкіндік берді.
Қабылдау Комитеттің баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Баймаханованың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері электр энергиясы нарығындағы ахуал жағдай және тауарлық газға бөлшек сауда бағасы туралы, сондай-ақ уәкілетті органның қарауында тұрған сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдер туралы хабарлады.
Сондай-ақ, Комитет қызметкерлері тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізудің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берді. Сумен жабдықтау саласында бұл нормалар 19 өңірде, ал жылумен жабдықтау саласында — 17 өңірде енгізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұтынушылардан сұрақтар түспегенін атап өткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/990751?lang=kk
Жауап қалдыру