
Төтенше жағдайлар департаментінде ТЖД бастығы полковник Рустамбек Амриннің төрағалығымен балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға прокуратура, полиция, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім басқармасы, ГАСК өкілдері, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шакенева қатысты.
Талқылау барысында балалардың терезеден құлауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар қарастырылды. Қатысушылар ақпарат алмасты, ағымдағы жағдайды талдады және өз өкілеттіктері шегінде ықтимал ден қою шараларын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру және халықпен профилактикалық жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды.
Тиімді шешімдер әзірлеу және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында аталмыш бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/991475?lang=kk
Жауап қалдыру