ТҮРКІСТАНДА 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Түркістанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні аталып өтті. ҚР ІІМ «Ұлттық ұланының» №5574 әскери бөлімінде өткен патриоттық іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов қатысып, сардарлар мен сарбаздарды, ер-азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуымен құттықтады.
✔️Мерекелік іс-шарада әскери сала өкілдеріне марапаттар тапсырылып, құрмет көрсетілді.
✔️Рухты оятып, отаншылдықты дәріптеген мерекеде «Ұлттық ұлан» бөлімінің сарбаздары сап түзеді. Сонымен бірге көпшілікке әскери техникалар көрмесі ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалды.
✔️Айта кетейік, былтыр Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас әскерге аттанды. Биыл да осы көлемде сарбаздар Қарулы күштер қатарын толықтырады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/990562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді