ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласында «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты фотокөрмесі өтті. Шараға келген қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи жәдігерлерді көріп, ерлік пен отансүйгіштікке толы шежірелі кезеңдермен танысты. Көрменің мақсаты – ел үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін насихаттау және жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру. Шараға ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №26 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.

Айта кетейік Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/990438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді