Түрксіб ауданында “Әкелер форумы” өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№31 жалпы білім беретін мектепте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінен орай “Әкелер форумы” өтті.

Форумның мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін айқындау, жас ұрпақты рухани-мәдени және дене тұрғысынан дамыған азамат ретінде қалыптастыруға ықпал ету.

Форум бағдарламасы аясында әлеуметтік, мәдени және тәрбиелік бағыттағы баяндамалар тыңдалды.

Пленарлық бөлімде спортшы, кәсіпкер Құралбай Орынбасар,

грек-рим күресінен спорт шебері Қуат Хамитов, ақын әрі “Әке Time” жобасының авторы Жандарбек Бұлғақов сынды танымал тұлғалар спич жүргізді.

Іс-шара аясында оқушылардың шығармашылық концерті ұсынылып, форум соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

“Әке – отбасының тірегі, ұрпақтың үлгісі” деген ұғым тағы бір мәрте дәлелденген маңызды кездесу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/989497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді