
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Қарғалы ауданда тұратын тыл еңбеккерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шын жүректен құттықтады.
Бұл – қан майданда қару ұстаған жауынгерлермен қатар, елде қалып аянбай еңбек еткен жандарға деген шынайы құрметтің көрінісі. Аудан басшысы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, тыл еңбеккерлеріне «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстап, ақжарма тілектерін білдірді.
Тыл ардагерлері – ауыр кезеңнің ауыртпалығын көтеріп, ерен еңбегімен елдіктің символына айналған асыл азаматтар. Олардың өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін тағылым мектебі, ерлік пен еңбекке толы үлгі.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы біз өткенге тағзым етіп, болашаққа деген жауапкершілігімізді сезінеміз. Ардагерлерге көрсетілген құрмет – ел рухының беріктігін білдіреді.
Ұлы Жеңістің даңқы мәңгі жасасын! Тыл еңбеккерлеріне шексіз алғыс!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/990052?lang=kk
Жауап қалдыру