
2025 жылдың 5-6 мамыр аралығында Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінде Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері,Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Ә.Оспанов атындағы үстел теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы өткізілді.Мектеп оқушылары әсем әнмен, спорттық бимен көрермендерді тәнті етті.
Жарыстың ашылуында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев,атамыздың ұлы Әбділқадыр Оспанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ахмешев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Жумағазин,қатысушыларды жарыстың ашылуымен,келе жатқан мерекелермен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Қысқаша атамыздың өмір – баянына келетін болсақ, Әбділхақ 1916 жылдың 11 ақпан күні Семей облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық Кеңесіне қарасты Шыңғожа ауылында дүниеге келген. 1925 жылы бастауыш мектептің 1 класына барады, 3 жылдық білім алады. Жастайынан еңбекке араласады. Әке- шешесіне мал бағуға көмектеседі. 1939 жылы 27 қыркүйекте әскерге шақырылып, Семей облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық кеңесіне қарасты «Красный Октябрь» колхозынан әскерге аттанады. Әскери міндетін батыс аймақта 19 БАО әскери бөлімде атқарған,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери қызметін сапер болып бастап, соғыс соңында 12 атқыштар полкінің атқыштар бөлімінің командирі, кіші сержант дәрежесінде аяқтаған. Фин соғысына қатысқан. Коммунистік партия қатарына өткен. Соғыс басталғанда шекарадан 20 км қашықтықтағы әскери бөлімде болған. Соғыстың 1 – ші күні әскери әскери бөлім артқа шегіну туралы бұйрық алып, 40 км артқа шегінеді, бірақ, өздері тұрған әскери бөлімде құнды құжаттарды жоюға жібереді. Жау басып, алған бұрынғы әскери бөлімге барып, құнды документтерді жою кезінде қиян- кескі ұрыс болды. Жаудың бейқам болып, совет әскерлерінің қайта келуін күтпеуі, түнгі уақыттың болуы нәтижесінде, құнды документтер толықтай жойылады. Қатты ұрыстан аз-ақ солдат аман келеді. Соғыс кезінде Кеңес Одағының Маршалы Рокосовский басқарған 65 армия дивизия 1103/1203 полктер құрамында соғыста болып, Батыс, Орталық, Оңтүстік, Украина, Беларусь, 1 –ші және 2 – ші Беларусь майдандарында соғыстың 1 – ші күнінен аяғына дейін ерлікпен шайқасты. Әбділхақ 5 рет жараланды.
1. 23 желтоқсан 1941 жылы
2. 16 тамыз 1942 жылы
3. 17 қыркүйек 1943 жылы
4. 4 желтоқсан 1943 жылы
5. 22 ақпан 1945 жылы
Соғыс кезіндегі ерліктері мен жанқиярлық батырлығын мына архив документтерден көруге болады.
1. 23 желтоқсан 1941 жылы Курс қаласы маңында қызыләскер Оспанов өз өмірін қауіпке тіге отырып, неміс артиллериясының жауып тұрған оғына қарамай, қала шетіне қарай бірінші болып ұмтылады және өзінің автоматымен 3 немісті өлтірген.
2. 16 тамызда 1942 жылы немістердің қатты шабуылы кезінде ауыр жарақат алған Ә. Оспанов соғыс майданын тастап кетпеді, қайта немістерге қайтара соққы берді
3. 19 сентябрь 1943 ж. Днепр өзенінің оң жағына өту кезінде Оспанов немістердің қарсы шабуылына соққы бере отырып , өзінің автоматы арқылы 5 немісті өлтіріп , осы қиян кескі ұрыста өзі қатты жарақат алады .
4, 4 декабрь 1943 ж. Прудки селосы маңында кескілескен шайқаста жау шабуылына соққы бере отырып , оң жамбас сүйегімен Оспанов тағы да жарақат алады .
5, 1944 ж. мартта 354 дивизия Озаричи елді мекенді азат етіп , неміс концлагерінен 9 мың тұтқын орыс әйелдері бала = шағасымен босатады .Осы азат етуде Оспанов батыл іс – қимылмен , өжеттілігімен көзге түсіп , ерлік көрсетті. Бобруйск темір жол станциясының алғанда атқыш Оспанов тағыда ерлік үлгісін көрсетеді .
6 . 17 январь 1945 ж. Корнаты деревнясы Плоск уөзі Варшава әскери аймағында , қанды ұрыста Оспанов қарсы шабуылға тойтарыс беріп , шешуші кезеңде батылдығымен ,нағыз ер жүректілімен , соғыс тәсілін ұтымды пайдаланып,тапқырлығымен 7 немісті жер жастандырған . ( архивтен алынды )
Оспанов 1945 жылдың 9 майын Штральзунд қаласында қарсы алады .
1946 жылдың 6 июнінде елге оралады .
Соғыстан кейінгі жылдары тың игеруге қатысады , зейнетке шыққанға дейін ауылшаруашылығында еңбек етеді .
“Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін ” және ” Еңбек ардагері ” медалдарымен марапатталған.
Абділхақ атамыздың ерліктері болашақ ұрпақтарымызға үлгі, ерліктерін естіген ұстаздар, оқушылар рухани бір байып қалатындары сөзсіз.
Жарысқа келетін болсақ, жарысқа ауданымыздың білім қызметкерлері және оқушылары арасынан жиыны 18 команда,54
ойыншы қатысты. Жарыстың бас төрешісі Т.Оспанбеков жарыс тәртібімен таныстырып, жарыс басталып кетті.
Жарыс өте шиеленісті өтті.Команда ойыншылары бар айла – тәсілдерін қолдана отырып, қарсыластарын қапы қалтыруға тырысты. Дегенмен, шын мықты , мықты екенін дәлелдейді.Білім қызметкерлері арасында тартысты ойындар барысында барлық командаларды сан қақтырып, І орынды № 1 орта мектебінің(Е.Орынғожин,Б.Абдуллин,А.Толеуханова) командасы иеленсе,ІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің(Т.Оспанбеков,Қ.Тураров,Б.Есмухаметова) командасы, ІІІ орынды мектеп-гимназия(М.Тұраров, А.Омарбеков, Ш.Көкиева) командасы иеленді.
Оқушылар арасында І орынды № 5 орта мектебінің командасы (Мелисханов Бекжан,Тауфик Сұлтан,Қайырбек Арай,Касымханова Раушан), ІІ орынды Шынқожа батыр атындағы орта мектебінің командасы(СеріковЕрнұр,Амангелдин Мейрамбек,Мұратбекқызы Іңкәр), ІІІ орынды Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің командасы (Сейілханов Арын,Уақас Бағжан,Орыншаихова Балжан) иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атамыздың ұрпақтарының арнайы кубоктарымен,медальдарымен,ақшалай сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/990738?lang=kk
Жауап қалдыру