Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мәслихат төрағасы еңбек майданының ардагерлерін құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мәслихат төрағасы еңбек майданының ардагерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудандық мәслихат төрағасы Ж. Шұғаев еңбек майданының ардагерлеріне жалпы Жеңіске қосқан үлестері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Ж. Шұғаев Жантовский Николай Дорофеевичті, Лысюк Раиса Павловнаны, Степанова Капитолина Васильевнаны, Бурова Михаил Александровичты, Қожасова Мағи Бекболатқызын, Лайщук Валентина Алексеевнаны, Шпак Маргарита Николаевнаны, Савостьянова Зинаида Савостьяновнаны, Диордиева Мария Степановнаны ерекше жылылықпен құттықтады. Соғыс жылдарында олар тылда аянбай еңбек етті. Олардың соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі, жеңіс үшін ортақ іске қосқан үлесі жас ұрпаққа патриотизмнің жарқын үлгісі болып табылады.

Ұлы Жеңіс жылдарындағы баға жетпес және жанқиярлық еңбектері үшін оларға «Ұлы отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Тыл ардагерлерінің, олардың төзімділігінің, рух күшінің және Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/990337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді