
Ұлы мереке – Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор құрмет пен ризашылықтарын білдіреді.
Соғыс және соғыстан кейінгі жылдардың қатал сынақтарынан өткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері мамандарі тіпті ең қиын кезеңдерде де халықтың денсаулығын қорғаудың алдыңғы қатарында тұрып, еліміздің санитариялық қызметінің қалыптасуына, нығаюына және дамуына баға жетпес үлес қосты.
Соғыс жылдары тек майдан үшін ғана емес, медициналық және санитариялық қызмет үшін де сынақ болды. Ардагерлеріміздің жанқиярлығы мен кәсібилігінің арқасында қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға және тылдағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Бүгін күні Қазақстанның түрлі өңірлерінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагерлері бұл мерекені әріптестерінің және жас буын мамандардың құрметімен, ықыласымен және алғысымен қарсы алуда. Біз үшін олар – кәсіби борыштың, ерлік пен қоғамға қызмет етудің нақты көрінісі.
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері сіздерге баға жетпес еңбектеріңіз, кәсіпке адалдықтарыңыз және болашақ ұрпаққа үлгі-өнегелеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің санитариялық қызметті дамытуға және эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз Қазақстанның денсаулық сақтау тарихында мәңгі сақталады.
Сіздердің ерліктеріңіз ұмытылмайды, сіздер мереке күндері ғана емес, күн сайын құрмет пен қошеметке лайықтысыздар!
Сіздерге зор денсаулық, күш-қуат, амандық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/991503?lang=kk
Жауап қалдыру