Жамбылда соғыстың соңғы сарбаздары 5 миллион теңге алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 5 Ұлы Отан соғысының ардагері және 1447 тыл еңбеккері тіркелген. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету дәстүрге айналды.

Осы жылы өңірдегі барлық соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жасалды. Бұл — ардагерлеріміздің ерлігіне деген зор құрметтің және олардың ел алдындағы тарихи еңбегін бағалаудың белгісі.

Сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне де материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Олар үшін мерекелік қаржылай көмектер, медициналық қызметтерге жеңілдіктер және коммуналдық төлемдер бойынша жеңілдіктер қарастырылған.

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында облыс әкімдігі ардагерлердің үйлеріне барып арнайы құттықтап, сый-сияпаттар табыс етуде. Сонымен бірге, медициналық көмек көрсету, қажетті емдеу шараларымен қамту жұмыстары жолға қойылған.

Мемлекет ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік қорғалуына ерекше көңіл бөліп, олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ардагерлерге тағзым — өскелең ұрпақтың басты парызы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/990143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді