
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2025 жылғы 2 мамырда «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының республикалық финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Финалда “Білгірлер бәйгесі” бағыты бойынша өзге ұлт өкілдері арасынан Семей қаласындағы №35 орта мектептің 11 сынып оқушысы Петр Мельников жүлделі I орынды, Ыбырай Алтынсарин атындағы N 37 гимназияның 10 сынып оқушысы Төкенов Еділ “Сөз шеберлері” номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарымызды жоғары жетістіктерімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Білім бәйгесіндегі алар асулары биік болсын!🏆🏆🏆🏆🌠🌠🌠🌠🤝
Білім бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/988763?lang=kk
Жауап қалдыру