Аудан прокуратурасымен жазғы туристік маусымға дайындық шеңберінде аудан әкімдігі, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, уәкілетті мемлекеттік органдар мен туризм саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында туристік сектордағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері, ормандардағы өрт қауіпсіздігі мен санитариялық талаптардың сақталуы, сондай-ақ шомылу маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Жекелеген мәселелер бақылауға алынды.
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/990099?lang=kk

Жауап қалдыру