
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында қалалық мәслихат депутаты Арман Иманқұлов еңбек майданы ардагерлерін аралап, Жеңіске қосқан зор үлестері үшін шынайы алғысын білдірді.
Арман Иманқұлов Майкен Узықанованы 95 жасқа толған мерейтойымен ерекше ықыласпен құттықтады. Соғыс жылдарында ол тылда жан аямай еңбек етті. Құрмет белгісі ретінде ардақты еңбек ардагеріне гүл шоқтары мен азық-түлік себеті табысталды.
Сондай-ақ, депутат Николай Кондратьевич Талерчикті де арнайы барып құттықтады. Ол да ауыр соғыс жылдарында еңбек майданында табанды еңбек етіп, елге пайдасын тигізген азамат. Келе жатқан мереке құрметіне және көрсеткен ерлігі үшін ол да азық-түлік себетімен марапатталып, алғыс сөздерге ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/989879?lang=kk
Жауап қалдыру