
Санкт-Петербург, 6 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының, Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданының әкімшілігінің, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің, Санкт-Петербург заң шығару жиналысының өкілдері, әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.
Шара соңында салтанатты шараға қатысушылар саябаққа алма ағаштары мен гүлдер отырғызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/991021?lang=kk
Жауап қалдыру