
Бүгін Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде 2011–2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Кеңес Пәзілұлы Нәдірқұловтың жүлдесіне арналған бокстан VI Республикалық ашық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.
Спорттық шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас спортшыларды бокспен тұрақты айналысуға ынталандыру, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ үздік спортшыларды анықтау.
Ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен және Қазақстанның өңірлерінен келген 160-қа жуық спортшы қатысуда.
Жарыс бірнеше күнге жалғасып, салмақ дәрежесіне қарай үздік деп танылған қатысушылар арнайы белбеулермен, медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/989922?lang=kk
Жауап қалдыру