Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің дипломаттары Радошковичи ауылында Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің бауырлас қабіріне арналған еске алу митингіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Радошковичи, 2025 жылғы 6 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің дипломаттары Минск облысының Молодечное ауданындағы Радошковичи ауылында Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің бауырлас қабіріне арналған еске алу митингіне қатысты. Онда қазақстандық жауынгерлер Бақтыораз Бейсекбаев пен Әбдіжапар Мамиев жерленген.

Салтанатты рәсімге Беларусьте оқитын қазақстандық курсанттар мен студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері және жергілікті билік өкілдері қатысты.

Қазақстан жауынгерлері монументіне гүл шоқтарын қоя отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Беларусь Республикасындағы әскери атташесі, генерал-майор Ұларбек Әбікеев «біз ата-бабаларымыздың туған жері үшін жасаған ерліктерін құрметтейміз және жеңіс үшін шайқаста қаза тапқандарға тағзым етеміз» деді.

Өз кезегінде Радошковичи ауылдық Атқарушы комитетінің Төрағасы Инга Великоиваненко Беларусь жері қазақ халқының батырдығы мен батылдығын бейнелейтін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық сарбаздардың ерліктерін әрдайым есте сақтайтынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/991243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді