
-
«Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2025 жылғы 16_ мамыр күні сағат 15:00-де, Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 № 202 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
-
Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
№ 1 ЛОТ:
-
«Жетыген-Жаңалық-Байсерке-Өтеген батыр-Ынтымақ-Жанадәуір-Жаңаталап-Қоянқұс»
-
«Қоянқұс-Ынтымақ-Гейт Сити-Өтеген батыр-Байсерке-Жаңалық-Жетыген»
№ 2 ЛОТ:
-
«Құйған-Еңбек-Жетыген-Жаңаарна»
-
«Жаңаарна-Жетыген-Еңбек-Құйған»
-
Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
-
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 №202 кабинетіне мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
-
Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы 08 мамырдың, сағат 18:30-ы.
-
2025 жылғы 13 мамыр конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
-
Анықтама алу үшiн телефондар: 8 776 131 13 11/ 8707-02-02-066.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/991455?lang=kk
Жауап қалдыру