2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлері бойынша республикалық жарыстар өтеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлері бойынша республикалық жарыстар өтеді.
Салтанатты ашылу 9 мамырда сағат 12.00 – де өтеді.
Өтетін орны: Нұра ауылының ипподромы, Талғар ауданы.
Мұнда Алматы облысының аудандарынан, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен 70-тен астам қатысушы келеді.
Жарысқа аламан байге 21 км, Құнан байге 9 км кіреді.
Мұндай жарыстар патриотизмді насихаттайды, Ұлы Отан соғысының батырларын ұрпақтан-ұрпаққа есте сақтауға көмектеседі, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін сақтауға және жалғастыруға, оның бай мәдениетіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұлттық ат спорты түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында турнирлер өтеді, сондай – ақ келешекте оларды неғұрлым ірі-республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетуге дайындау үшін перспективалы спортшыларды анықтауға ықпал ететін болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды 9 мамырда жарыс аяқталғаннан кейін бірден өткізу жоспарлануда.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңгені құрайды.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы, ұлттық және Ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы, Алматы облыстық “Ұлттық ат спорт”федерациясы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-talgar/press/news/details/991558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді