Ақтауда ұшаққа бомбаларды қолмен тиеген майдангер әже Қамқа Үмбеталинаға ескерткіш тақта орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Ақтау қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері, Маңғыстау мұнайын алғаш игеруге қатысқан ардагер геолог-барлаушы, “Құрмет” орденінің иегері Қамқа Үмбеталинаның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату салтанатты іс-шарасы өтті.

Жиынға қала әкімі Әбілқайыр Байпақов, сала ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында Қамқа Жаниярқызының өмірі мен елеулі еңбегі туралы естеліктер айтылды.

“Небір зұлматты да, соғысты да көтере алған біздің аға буын. Қандай заман болмасын, болашақ ұрпақ осы кісілердің ерлігін ешқашан ұмытпауы керек”, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Үмбеталина Қамқа Жаниярқызы — «КСРО Геология министрлігінің, жер қойнауының үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы», сондай-ақ «ІІ дәрежелі Отан соғысы» және «Құрмет» ордендерінің иегері. Ұлы Отан соғысына қатысып, еліміздің тәуелсіздігі мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен тұлғаның есімі ел жадында мәңгі қалмақ.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/991545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді