
Ақтауда Ұлы Отан соғысының ардагері Шам Сисембаевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату салтанатты іс-шарасы өтті.
Жиынға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, сала ардагерлері және Ш. Сисембаевтың ұрпақтары мен жақын туыстары қатысты.
«Қазақ халқында осындай ерлердің елінің алдында жасаған, елінің болашағы үшін қосқан үлесін елеусіз қалдырмауымыз керек. Ең бастысы бұл кісілер халықтың ойынан кетпеуі керек. Мереке құтты болсын», – деді қала әкімі.
Шам Сисембаев 1919 жылы Бозашы түбегінде дүниеге келген. 6 жасынан еңбекке араласып, 1939 жылы Қызыл армия қатарына шақырылған. Грузияда әскери оқуын тәмамдаған соң, 1941 жылдан бастап соғысқа қатысады. Сталинград, Дон, Белорус майдандарында ерлік көрсетіп, бірнеше рет жараланып, қайта қатарға қосылған. Соғыстан кейін де әскери және азаматтық салада еңбек еткен ол — «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерінің иегері.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/991565?lang=kk
Жауап қалдыру