Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері біздің жерлесіміз – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес одағының ұшқыш-шабуылдаушысы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының қызметкерлері тыл ардагері Нұрманова Күлбан апамыздың үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.
Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы жұмыстарында еңбек етіп, армияның жауынгерлік қабілетін қолдаған, халықты азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз еткен тыл еңбеккерлерінің еңбегіне баға жетпес.
Аталған атаулы күндерді мерекелеуге орай Тексеру комиссиясында салтанатты жиын өтті.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетов ұжымды келе жатқан мерекелермен құттықтап, зор денсаулық, амандық, бақ-береке және ашық аспан тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/991611?lang=kk
Жауап қалдыру