
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов 2025 жылғы 06 мамыр күні Сандықтау ауданы білім беру ұйымдарының педагог қауымымен кездесу өткізді.
Кездесуде Департамент басшысы О.К.Каппасов сыртқы және ішкі бағалаудың үлкен алшақтығы, педагогтардың біліктілік деңгейін арттыру (санат), педагогтардың біліктілігін арттыру (курс), академиялық адалдық мәселелері, педагогтарды аттестаттау мәселелері, аудандық білім бөлімдерінің пән әдіскерлерінің өзара іс-қимылы, педагогтардың білімін бағалауды тапсыру, тәлімгерлік, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша педагогтардың қатысуы, мектептерді аттестаттаудан өткізу мәселелері, ММА тестілеуден өту, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын сақтау мәселелері қаралды.
Сындарлы әңгіме болып, НҚА-да ұсыныстар мен тілектер айтылды.
Департамент басшысы педагогтердегі проблемалық мәселелерді анықтау үшін жеке қабылдау туралы жариялады. Білім саласында туындаған сұрақтар бойынша ұсыныстар беру ұсынылды. Кездесу соңында педагогтар сауалдар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/991587?lang=kk
Жауап қалдыру