🔰 КЕНТАУ: ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰 КЕНТАУ: ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
🔹 Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол Серікбайұлы Кентау қаласында орналасқан ҚР ДСБ “Кентау қалалық емханасы” ШЖҚ КММ-не ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы «Жұмыс берушінің негізгі құқытары мен міндеттері», ҚР Еңбек кодексінің 127-3-бабы «Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін кепілдіктер» бойынша мәселелерге қатысты аталмыш мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысымен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алуда атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы қалалық емхана ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
🔹 Ербол Серікбайұлы еңбек ұжымына жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарында сақталуы тиіс заң талаптары мен кодекс талаптары бойынша атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/992392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді