2025 жылғы қауіпсіз навигацияға дайындық туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су көлігінің қауіпсіздігін кеме иелері, кеме жүргізушілері және кеме экипаждары, жағалау инфрақұрылымы объектілерінің иелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар іске асыратын іс-шаралардың тұтас кешенімен қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі шарттар:

– кеменің жарамды техникалық жағдайы;

– кеменің командалық құрамы мен экипажында, шағын көлемді кеменің кеме жүргізушісінде тиісті біліктіліктің болуы;

– кеме қатынасы су жолдары мен навигациялық жабдықтар құралдарын, сондай-ақ шлюздерді, айлақтарды және басқа да осыған ұқсас объектілерді тиісті күтіп-ұстау;

-тиімді мемлекеттік реттеу және бақылау.

Демек, флоттың апатсыз жұмысына қол жеткізу барлық көрсетілген шарттар орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.

Ішкі су көлігінде кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және шағын көлемді кемелерді пайдалануды мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары – облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша көліктік бақылау инспекциясы жүзеге асырады.

Су көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды жүйелеу мақсатында Комитет жыл сайын өткен жылдардың қызметін талдауды ескере отырып, Флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Аталған жоспар Комитет қызметінің су көлігі бөлігіндегі барлық бағыттарын толығымен қамтиды және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, барлық өңірлерде ағымдағы навигация басталғанға дейін аумақтық инспекциялар кеме иелерінің, кеме жүргізушілердің, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу орталықтарының басшыларының, шағын көлемді кемелердің тұрақ базалары мен прокаттау пункттерінің иелерінің қатысуымен көлік оқиғаларын талдай отырып, кемелердің жүзу қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізілді.

Қазақстанда кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарына: Ертіс өзені (Қара Ертіс, Зайсан көлі, Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймаларын қоса алғанда), Жайық өзені (Жайық-Каспий каналы мен Қазақстан Республикасының аумағындағы Қиғаш өзенінің учаскесін қоса алғанда), Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы және Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің учаскесі жатады.Ұзындығы 2,1 мың км кеме қатынасы су жолдарымен навигациялық жабдық құралдарын ұстаумен «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдары айналысады.

Дәстүр бойынша Қазақстанда ішкі суда жүзетін кемелер үшін кеме қатынасы су жолдарында навигация аймаққа байланысты сәуір-мамыр айларынд аашылады. Шағын көлемді кемелер үшін су айдыны мұздан толық тазартылған жағдайда ғана жүзуге рұқсат етіледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық органдары кеме қатынасы су жолдары мен навигациялық жабдық құралдарының күтіп-ұсталуына тексерулер, сондай-ақ кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің өздеріне тікелей тексеру жүргізеді. Кемелерді қарау кезінде кеменің, оның механизмдері мен жабдықтарының жарамды техникалық жай-күйін растайтын кеме құжаттарының болуы және жүргізілуі тексеруге жатады. Бұдан басқа, кемелердің командалық құрамы тұлғаларының дипломдары жән еолардың тиісті біліктілігін растайтын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің куәліктері тексеріледі.

Мәселен, өткен жылдың навигациясында Комитеттің аумақтық органдары 6,3 мың шақырым кеме жүзетін су жолдарын қарады, 447 өзен кемелері мен 2788 шағын көлемді кемелерге тексеру жүргізді, олардың барысында 912 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Осыған ұқсас жұмыс ағымдағы навигацияда да жүргізілетін болады.

Бұл ретте кеме иелерінің, кеме жүргізушілердің және кеме экипаждарының қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтауы флотта авария болдырмау қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады, олардың негізгілері Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары, Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Қағидалары және Кемелердегі қызмет жарғысы болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komtransport/press/news/details/993160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді