
9 Мамыр мерекесі қарсаңында қала әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының жетекшісі, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрайымы қаламыздағы тыл ардагерлері мен бұрынғы тұтқындарға барып, оларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік төсбелгілерін тапсырды. Бұл құрмет — ардагерлеріміздің Жеңіс жолындағы өлшеусіз еңбегі мен соғыс жылдарындағы қайсарлығының белгісі. Сіздер – біздің мақтанышымыз! Ерліктеріңіз әрдайым ұрпақ жадында сақталады. Біз сіздерге шын жүректен алғыс айтып, зор денсаулық пен амандық тілейміз. Сіздердің батырлықтарыңыз, қажырлылықтарыңыз – бізге үлгі, ал жасаған еңбектеріңіз мәңгілікке ел есінде қалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/991725?lang=kk

Жауап қалдыру