Абай облысының спорт жаттықтырушыларына арналған діни сауаттылықты арттыру шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының дін істері басқармасы мен спорт басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің спорт жаттықтырушылары арасында дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандарын тарта отырып дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты — мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын насихаттау, терроризм және діни экстремизмнің алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ діни радикализмге қарсы тұра алатын иммунитетті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында теолог мамандар қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардан туындайтын қауіп-қатерлер жайлы кеңінен түсінік беріп, құқықтық және рухани тұрғыда ақпаратпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, жаттықтырушыларға жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істеу барысында діни мәселелерде сақ болудың маңыздылығы, радикалды идеялардың алдын алу жолдары жайлы нақты ұсыныстар айтылды.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, дін саласындағы мамандардан толық жауаптар алды. Мұндай ақпараттық шаралар қоғамда діни сауаттылықты арттырып, жастар арасында жат идеологияларға қарсы тұра алатын саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Жалпы 125 адам қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/992747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді