
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы басқарма қызметкерлерi арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау» тақырыбында жиын өткіздi.
Жиында мемлекеттік қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексінің әрбір тармақтарына тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста қойылатын, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптарды да қатаң ұстау керектігi ескерілді.
#Денсаулық
#Әдеп
#Жиын

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-densaulyk/press/news/details/992844?lang=kk
Жауап қалдыру