
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» жалпықалалық акциясы аясында 2025 жылдың 8 мамырында Алматы қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция өтті. Экономика басқармасының қызметкерлері Әуезов ауданы аумағында ағаш отырғызу және тазалау жұмыстарына қатысты. Экологиялық акцияға қала тұрғындары да қолдау көрсетті.
Барлық қатысушыларға «Жеңіс» естелік ленталары табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-economy/press/news/details/992175?lang=kk
Жауап қалдыру