
Іс-шара 316 атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткіші мен 28 гвардиялық-панфиловшылар мемориалы орналасқан «Жерұйық» саябағында өтті.
Гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
1941 жылы 16 қарашада Панфилов дивизиясының жауынгерлері жиырмаға жуық неміс танкін жойып, фашистердің Мәскеуге жасаған шабуылын тоқтатты. Бұл Ұлы Отан соғысының алғашқы жылындағы шешуші шайқастардың бірі болды.
Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанды. Оның тең жартысы соғыстан оралған жоқ. Бес жүз қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Гүл қою рәсімінде іс-шараға қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992671?lang=kk
Жауап қалдыру