Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
Мәслихаттың бүгінгі кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А.Сабитов, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібіне енгізілген Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №24-174/VIII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева, А.Абдикадировтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Реметов, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы №5-29/VI «Сайрам аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану және «Сайрам аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы мәселелермен аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері Н.Алтынбеков таныстырып өтті.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер салалығына қарай мәслихаттың тұрақты комиссияларының жеке отырыстарында алдын-ала қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысы алдында аудан әкімі Арман Сәбитұлы мен мәслихат төрағасы Шамхат Розақұлұлы Сайрам ауданының сот төрағасы Құрманғали Дүйсебековке ауданда еткен көпжылдық еңбегі үшін өз алғыстарын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/992363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді