Аустрия астанасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вена, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Вена қаласының орталығында Аустрияны фашизмнен азат ету кезінде қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің Елшілері, Ресей, Беларусь, Әзербайжан және Армения дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты. Бұл бірлескен рәсім құрбан болғандарды терең құрметтеудің және аймақ елдерін біріктіретін ортақ тарихи мұраны мойындаудың көрінісіне айналды.

Рәсім бір минуттық үнсіздікпен және әскери-еске алу музыкалық композицияларымен өтті. Қатысушылар соғыс даласында ерлікпен шайқасқан мыңдаған қазақстандықтарды, сондай-ақ Жеңісті жақындатуға өлшеусіз еңбек сіңірген тыл ардагерлерін еске алды. Олардың ерлігі, табандылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Сол күні кешке Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің өкілдері Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысты. Мәдени бағдарлама аясында қазақстандық опера әншісі Айгүл Шамшиденова Қазақстаннан шыққан мерген, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия» туындысын орындады. Бұл қойылым Жеңіске зор үлес қосқан қазақ батырларына деген құрметтің белгісі болды.

Венада өткен еске алу іс-шаралары Ұлы Отан соғысының тарихи жадын сақтау маңызын айқын көрсетті. Қазақстан әрдайым халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты, бейбітшілік пен тату көршілікті нығайтуды қолдайды. Бұл құндылықтар ортақ өткенімізге және азаттық пен тәуелсіздікті қорғаған батыр ұрпақтың ерлігіне негізделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/992856?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді