Азаматтарды «Аманат» партиясының КОФ-на қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 мамырда Департамент басшысы Шыңғысбек Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков және медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімінің басшысы Марина Оңғарбайқызы Сәрсенова «Аманат» партиясының Қостанай облыстық филиалының базасында өткізілген азаматтарды қабылдауға қатысты.

Аталған іс-шара облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау, сондай-ақ уәкілетті органдардан кері байланыс алу мақсатында ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында Шыңғысбек Сұлтанбекұлы мен Марина Оңғарбайқызы азаматтардың сұрақтарын тыңдап, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктеме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/993095?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді