«БАЛА. ОТБАСЫ. ҚОҒАМ» тақырыбында облыстық ата-аналар жиналысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім беру ұйымдарының ата-аналары оффлайн және онлайн форматта қатысып, барлығы 20 мыңға жуық ата-ана қамтылды.
Шарада қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс, буллинг, өзіне-өзі қол жұмсау, тыйым салынған заттарды алып жүруі сынды өзекті мәселелер туралы облыс прокурорының орынбасары – Сәкен Тагиберген, полиция департаментінің орынбасары – Ардана Саймағамбетов, білім басқармасының басшысы – Бұлбұл Күзембаева баяндап, талқылады.
Сонымен қатар облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ата-анасы Ермек Меңдібайұлы Нұрманов «Баланың тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың ролі» туралы ой қозғаса, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологы Медеухан Тобышқызы Жасжанова ата-аналардың психологиялық денсаулығы және білім алушылардың жасөспірім шақтағы мінез-құлқындағы өзгерістерге ата-ана қалай жауап беру керек сияқты сұрақтарға, ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы негізгі қадамдарға тоқталып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/992100?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді