
2025 жылғы 9 мамырда Павлодар қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Даңқ обелискі мен Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшылығы мен ұжымы, полиция қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойып, батырлар ұрпағына құрмет пен алғыс білдірді.
Мұндай іс-шараларды өткізу тарихи жадыны сақтауға, жастар мен бүкіл қоғам арасында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді. Жеңіс күні қасиетті мереке, барлық павлодарлықтар үшін ерліктің, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символы болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/992699?lang=kk
Жауап қалдыру