Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таразда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай өткен салтанатты жиында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері батыр рухына тағзым етті.

 Сонымен қатар, бүгін даңқты қолбасшы, халқымыздың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлына арналған музей ашылды. Бұл Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі даңқты қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ашылған тағылымды нысан.

 Музей лентасын қиған аймақ басшысы ерлік елге мұра, ұрпаққа өнеге екенін айтты.

 Жалпы өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін тағылым мектебіне айналар музейде батырға қатысты 210-ға жуық жәдігері сақталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/993115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді