
Шри-Ланка астанасы Коломбода өтетін дүбірлі додада Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы барлық салмақта толық құрамда бақ сынайды. 2 аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесінде 23 елдің спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек, U-22 құрамасының бапкер әрі кеңесшісі – Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев. Оның шәкірттері – 2003, 2004, 2005 және 2006 жылдары өмірге келген жас былғары қолғап шеберлері. Әйелдер құрамасын ұлттық құрама бапкері Елдос Сайдалин бастап барды. Ал жастар құрамаларына (2007–2008 жылы туғандар) белгілі спорт шеберлері, бүгінде жаттықтырушылар қатарында жүрген Мақсат Бақтыбазаров пен Жангелді Ахметов жетекшілік етеді.
Азия чемпионаты 12–24 мамыр аралығында өтеді. Финалдық жекпе-жектер 22 және 23 мамырға жоспарланған. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан 1 000 АҚШ доллар, күміс жүлдегерлер – 500, ал қола медаль иегерлері – 250 доллардан сыйақы алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/992936?lang=kk
Жауап қалдыру