
Шараның шымылдығы Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің жүрекжарды құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде ел тыныштығын қорғап жүрген ер азаматтарға ризашылығын білдіріп, бұл мерекенің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Мерекелік кеш барысында Отан алдындағы борышын өтеу үстінде жүрген және әскерде үздік деп танылған бірқатар сарбаздардың ата-аналары мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің үздік қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты бөлімнен соң мереке әсем ән мен көркем биден құралған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жергілікті өнерпаздар мен мәдениет үйі жанындағы шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/992056?lang=kk
Жауап қалдыру